Бүгін Қармақшы аудандық ардагерлер Кеңесінің кезекті II Пленумы өтті.
Пленум жұмысына аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Шәкизат Төребаев, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Жүзбай Таңрықбаев пен пленум мүшелері қатысты.
«Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген. Еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің біз үшін орны бөлек. Себебі, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Сіздердің өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа мол қазына», – деді Жандос Еркінбекұлы.
Пленумда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков аудандық ардагерлер кеңесінің 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға міндеттер туралы баяндама жасады.
Пленумда алдағы атқарылатын жұмыстармен міндеттері айтылып, нақтыланды. Бірқатар ардагерлер аудан әкімінің, облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.