Жалпы, 2023 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 4,9 млрд. теңгеніқұрайтын 454 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Мемлекет басшысының бастамасыменхалықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға сырдариялықтар да белсенділік танытты.

Өткен жылы аудан бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 234,7 млн. теңгенің 23 жобасы қаржыландырылды.

Жалпы, аудан облыс орталығына жақын болғандықтан тұрғындар мал бордақылау кәсібімен айналысып, қала тұрғындарының 80 пайызын етпен қамтамасыз етіп отыр.

Негізінен, аудан аумағында жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар Өткен жылы аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға 3,5 млрд. теңгеқаржы бөлініп, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік 78 шақырым жол жөнделді.

Атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінген
1,3 млрд. теңгеге облыстық маңызы бар «Қызылорда-Айдарлы» жолының 30 шақырымыжәне 687,6 млн. теңгеге «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 12 шақырымыорташа жөндеуден өтті.

Ал, аудандық маңызы бар жолдар бойынша «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының
5 шақырымы және «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек» автожолы орташа жөнделді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және бюджет көздерінен 8 елді мекенде 51 көше (Тереңөзек кенті – 32 көше, ұзындығы – 18,5 км; Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Іңкәрдария – 19 көше, ұзындығы – 11,4 км) асфальттанып, ел игілігіне берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
1,5 млрд. теңгеге Аманкелді, Айдарлы, Жетікөл және Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлары толық жаңартылды.

Аудан тұрғындары  орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Дегенмен, ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
704,5 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған ауылдарында 14,2 шақырымды құрайтын су құбырлары жаңартылуда. Бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізе береміз.

Сонымен бірге, Тереңөзек, Шаған, Іңкәрдария, С.Сейфуллин елді мекендерінде 5 су мұнарасыжаңадан орнатылды.

Атап өтетін жағдай, аудан орталығы табиғи газбен толық қамтамасыз етілсе, елді мекендерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 330,6 млн. теңгеге Қалжан ахун ауылына газдандыру жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Нәтижесінде, ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызға жетті.

Сондай-ақ, 2023 жылы С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов ауылдарында газдандыру жұмыстары басталып, биыл табиғи газға қосылады деп жоспарлануда. Осы жұмыстар жүзеге асқанда ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 43 пайызды құрайтын болады.

Ауданда өткен жылы құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Оның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар атқарылды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»бағдарламасы аясында бюджет көздерінен 796,8 млн. теңгеге Тереңөзек кентінен жапсарлас 80 тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына аудандық бюджеттен 30,4 млн. теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

2023 жылы аймақ басшысыныңбастамасымен елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды ынталандыру, бағалау мақсатында 2 мәрте «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың бірінші кезеңінде ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылы, екінші кезеңінде Бесарық ауылы жеңімпаз атанып, үлгілі елді мекендерге коммуналдық техникалар сыйға берілді.

БӨЛІСУ