Республика халқының арасында жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру тіркелмеген, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, сібір ойық жарасы, іш сүзегі, құтыру, туляремия, сіреспе.

26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5%-ға, бруцеллез 24,9%-ға, ауыз вирусы инфекциясы 23%-ға, эхинококкоз және лямблиоз 20,7%-ға, энтеробиоз 15,5%-ға, сальмонеллез 9%-ға төмендеді.

2024 жылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 33%-ға төмендеуі байқалады. Сырқаттанушылық егілмеген балалардың есебінен тіркеледі, бұл сырқаттанған балалар санының 83% -ын құрайды.

Сонымен қатар, көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді. Көкжөтелмен ауыратындардың 91%-ы егілмеген балалар. Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алу және вакцинациялаудан бас тартудың себебінен ұжымдық иммунитетінің төмендеуімен байланысты.

Вакцинациялау жүргізілетін инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ата-аналарға балаларында екпелердің болуына назар аударуды ұсынамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымнан екпе алу керек.

– Облысымызға келетін болсақ, нақты уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады. Дегенмен, босаңсуға негіз жоқ. Бұл тұрғыда жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биылғы эпидмаусымға 84 430 доза вакцина алынып, тиісті контингенттер бойынша 83 168 адам  тұмауға қарсы екпе алды. Ал қызылша бойынша ағымды жылдың қаңтар айында 366 науқас тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 32 пайызға төмендегенін көрсетеді. Иммундау шарасы аясында бүгінгі күні егуге жоспарланған балаларды вакцинациямен қамту көрсеткіші 89,5 пайызды құрады. Екпеден кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ. Осы ретте  қызылша ауруына шалдыққандардың 80 пайызы екпе алмағандар арасынан анықталғанын ерекше атап өткен абзал», – дейді Департамент басшысы.

БӨЛІСУ