Құрылыс саласына келетін болсақ, соңғы жылдары Қармақшы ауданында құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу, ауыз сужәне газбен қамтамасыз ету, электр беру желілерді қайта жаңғырту мәселелерін шешу жоспарлануда.

Атап айтқанда, құны3,7 млрд. теңге болатын Байқоңыр қаласындағы көпқабатты 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы және аумағын абаттандыру, инженерлік жүйелер құрылысы жүргізілуде.

2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй қорынан үй сатып алуға Ұлттық қордан бөлінген                     538,5 млн.теңгеқаржыға 51 тұрғын үйсатып алынып, өздеріңіз білетіндей аймақ басшысының қатысуымен пайдалануға берілді.

Ауданымыздың елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында құны 697 млн.теңгеболатын су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобалары іске асырылды.

Төретам және Ақай елді мекенін газдандыру мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Ақай ауылы табиғи газға толығымен қосылды.

Ал, Төретам кенті бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын (96 %).

2024 жылы Жосалы кентінде жаңадан ашылған “Тәуелсіздік” ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізіледі.

Аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайтынДүр Оңғар ауылына газ желісіқұрылысы ағымдағы жылыбасталады.

Электр желілерді қайта жаңғырту бүгінгі күнге өзекті мәселелердің бірі, себебі аудан бойынша электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Осы мәселені кезең кезеңімен шешу мақсатында 2020 жылы Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай елді мекеніндегі электр станциялары қайта жаңғыртудан өткізілді.

Электр желілерін жаңғырту үшін  демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Ағымдағы жылы Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл елді мекендеріне республикалық бюджеттен 631 млн.теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын болады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 6 елді мекеннің электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттар әзірленуде, оның ішінде аудандық бюджет  есебінен – 4 (Ақжар, ІІІ Интернационал, Алдашбай Ахун, Қармақшы елді мекендері)және демеушілік қаражат есебінен – 2 (Жаңажол, Тұрмағамбет елді мекендері)жоба әзірленді.

Ауданда халықтың  спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Жосалы кентіндегі (құны 496,3 млн.тг) дене шынықтыру кешеніпайдалануға берілсе, Ақай, Дүр Оңғаржәне ІІІ Интернационал ауылдарында дене-шынықтыру кешендерінің (1.3 млрд. тенге)құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен 2023  жылы Иіркөл, Төребай би, Ақай,Ақжар ауылдық округтерінде балалар және спорттық ойын алаңындарыорнатылып, Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун ауылындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және Ақтөбе аулында балалар ойын алаңы толығыменабаттандырылды.

Жосалы кентіндегі дене шынықтыру кешенінің бу қазандығы табиғи газге ауыстырылды(56,7 млн.теңге).

2024 жылы Аймақ басшысының бастамасымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер үй мен жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи, мадени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі жалпы құны 1 млрд. 635 млн. теңгені құрайтын «Руханият орталығының» құрылысы жүргізіледі.

Инфрақұрылымды дамытуға, жол жөндеу, көше жарығы, аяқ сумен қамту бойынша да қарқынды жұмыстар атқарылды.

Жалпы құны 1 млрд. 445 млн. теңге«Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының облыстық бюджет қаражаты есебінен 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталып, 2023 жылға жоспарлаған 11 шақырымын жөндеу жұмыстары  аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымға жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, 2023 жылы республикалық және облыстық  бюджет есебінен аудандық маңызы бар «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталып, 4,6 шақырымавтомобиль жолына асфальт төселді.

Сондай-ақ, 2024 жылы ұзындығы 6,5 шақырымболатын құны448 млн.теңгегеаудандық маңыздағы «Марал Ишан кесенесіне кіре беріс» автомобиль жолысалынатын болады.

2023 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Қуаңдария ауылында 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында5 елді мекеннің 21 көшесі орташа жөндеуден өтті, атап айтқанда: Жосалы кентінде 15 көше, Ақай ауылында3 көше Ақтөбе, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдарына 1 көшеденжөнделді.

Ал, 2024 жылы осы бағдарлама аясында аудан бойынша  жалпы  9 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, оның ішінде Ақжар ауылында бір көшесінің құрылысы жүргізілсе, Тұрмағамбет ауылының бір көшесіне күрделі жөндеу, Жосалы кентінің бір көшесіне,Төретам кентінің екі көшесіне, Тұрмағамбет ауылының 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ауданның көшелерін жарықтандыру мақсатында 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентінің 19 көшесін және Дүр Оңғар ауылының  5 көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет қаражаты есебіне Жосалы кентінің 3 көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  облыстық бюджет есебінен (202 млн.теңге) 11 су ұңғымасы орнатылып, жұмыстары толық аяқталды.

Атап айтқанда: Жосалы кентінде 4,Төретам кентінде            2, Ақтөбе, Ақай,Қармақшы, Иіркөл, Жосалы ауылдарында бір бірден.

Сонымен қатар, 2023 жылы аудан бюджетіесебінен аудан орталығы Жосалы кентінде бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда: Амангелді, Тәуекелов көшелері,«Шығыс» каналының жағасы, жағажай абаттандырылды, Көшербаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы орналастырылып, орталық алаңға металл аркалар орналастыру жұмыстары жасалды.

Бұл жұмыстар 2024 жылы да жалғасын тауып, Жосалы кентінде2 балалар ойын және футбол алаңдары орналастырылады, ауданның5 елді мекеннің(Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Қармақшы, Қуандария, Ақжар)төлқұжаттары жаңартылады.

Тағы бір Жосалы кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселе, темір жол өткеліқұрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша(ПИР 57,3 млн теңге)тиісті жұмыстар басталып кетті. Жоба құны айқындалған уақытта республикалық бюджеттен құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне өтінімдер жолданатын болады.

БӨЛІСУ