Автобустағы тексерушілер жолаушылардың билет алғандығы жайлы ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы терминалмен жабдықталған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Қалалық қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу» 622-бабының 2-тармағы қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтару сияқты құқық бұзушылық үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде(7384 теңге) айыппұл түріндегі жазаны қарастырады.

Автобус салондарында бейнежазба жүргізіледі. Жауапқа тартылмас үшін, тасымалдау ережелерін ұстануыңызды сұраймыз.

Автобусқа алдыңғы есіктен кіріп, міндетті түрде электронды тәсілмен төлем жасауыңызды және қолма-қол төлем жасаған жағдайда бір жолғы билетті талап етуіңіз керек. Аялдамаңызға келген де ортанғы есіктен шықаныңыз дұрыс.

Жолаушылар жол ақысын төлеген кезде жапсырмаларды пайдаланады. QR кодын сканерлеу немесе көлік кодын енгізу үшін терминалға барудың қажеті жоқ. Қоғамдық көліктердін терезелері мен есіктерінде барлық қажетті деректері бар арнайы жапсырмалар орналастырылған. Олардың көмегімен төлемді қалай жүргізуге болатынын тағы бір мәрте еске саламыз:⠀
– Кез келген банк қосымшасы арқылы QR-код сканерлесеніз болады. Бұл үшін басты бетте қажетті бөлімді таңдау, QR-кодты сканерлеу кейін өз әрекеттеріңізді растау қажет. Жол жүру құны – 85 теңге.

Төлем жасағанан кейін электрондық билет пайда болады. Тексеру кезінде оны тексерушілерге көрсету қажет болады.

– 2505 нөміріне (Beeline, Kcell/Activ, Tele2/Altel) SMS арқылы сандық кодты жіберумен. Жауап ретінде сапар туралы барлық деректері бар (күні, уақыты, бағыты, көліктің мемлекеттік нөмірі және т.б.) хабарлама келеді.

БӨЛІСУ