ҚМДБ дін қызметкерлерін аттестаттау комиссиясы Қызылордаға арнайы жұмыс сапарымен келді.

Комиссия құрамында: төрағасы – Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және мүшелері: ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы бар.

Сыр өңірінің мешіттеріне қызметке жаңадан қабылданатын дін мамандарын аттестаттау екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңі ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша компьютерлік тестілеу жүйесі болса, екінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен концептуалды құжаттар бойынша сұрақтарға ауызша жауап берді.

Аттестаттаудың негізгі мақсаты – ҚМДБ діни қызметінің кадрлық құрамын қамтамасыз ету, имам-молдалардың білім сапасын көтеріп, функционалдық міндеттерін іске асыруда тұлғалық және кәсіби дайындығын арттыру болып табылады.

БӨЛІСУ