Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен Әйтеке би кентіндегі Әбілхайыр хан көшесінің бойында су тасқыны салдарынан орын алу ықтимал төтенше жағдайлары кезінде жұмылдырылатын күш-құралдардың дайындығы пысықталды.

Саптық қарау шарасына азаматтық қорғау қызметтерінің 73 техника, 217 жеке құрам және су басу қауіпті аумақтардағы әкімдіктер мен меншік түріне қарамастан салалық мекемелер қатысып, жауапты қызметкерлер қажетті кезеңде атқаратын міндеттері туралы аудан басшысына баяндады.

Бүгінгі таңда Сырдария өзені арқылы Қазалы ауданына келіп жатқан су көлемі өткен жылмен салыстырғанда аз мөлшерде.

Дегенмен, ауданның азаматтық қорғау қызметтері мен саптық қарау шарасына қатысушылар су тасқыны салдарынан орын алу ықтимал кез келген жағдайға дайын екендігін көрсетті.

БӨЛІСУ