Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен ү.ж. 4-5 наурызда Түркістан қаласында «Географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында халықаралық семинар өтуде.
Cеминарға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының халықаралық ұйымдардың, Орталық Азия мемлекеттерінің уәкілетті органдарының және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысады.
Сонымен қатар, семинар шеңберінде географиялық нұсқама ретінде тіркелу және Қазақстан Республикасының ұлттық бренді болу әлеуеті бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі өткізіліп, Қызылорда облысынан 7 кәсіпорын («Абзал и К» ТС, «Абай – Дәулет» ЖШС, «Barly Bai & K» АӨК, «Асыл дән LTD» ЖШС, ЖК «Қазбергенов Нұрбек», ЖК «Жолмахан», ЖК «Мамытова») қатыстырылуда.