Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған уран өндірісімен айналысатын «Қызылқұм»,«Байкен-U», жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін СКЗ-U ЖШС-гі, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, қиыршық тас өндіретін «Қыран», «УАД», «Сарман Тастақ Жаңақорған», әк өндіретін «Премиум Класс-Строй», «ОСТ», «Қуат Әк» кәсіпорындары. Бұл кәсіпорындар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстар әкеліп отыр.
Алдағы жылдары, ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.
«Абдулла» шаруа қожалығының жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу 2024 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.(4-құс қорасы ,1-құс сою цехы, 1-балапан ашатын цехы, 1-әкімшілік ғимараты,1-техникалық қызмет көрсету ғимараты). Арнайы қызмет көрсететін техникалар алынды. Бұл құс фабрикасы облыс халқының тұтынатын құс етінің 33 пайызын беретін болады. Жоба іске асқан уақытта 120 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда құс фабрикасының жобасы өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген. 2024 жылы республикалық бюджеттен электр желісін тартуға 127,5 млн теңге, газ тартуға 120 млн теңге бөлінді.
«Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы. Серіктестік 2020 жылдың 16 қарашасында томат өндіру мақсатында егілетін қызанаққа 2995 гектар жер телімін 7 жыл мерзімге жалға алды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына сәулет жоспарлау тапсырмасы алынып, жоба жасалып жатыр. Жоба іске асқан уақытта 154 адам жұмыспен қамтылады.
Бүгінгі таңда Жаңақорған кентінің аумағынан томат зауытын салу үшін 30 гектар жер телімі белгіленіп берілді.
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу.2024 жылы фабрика құрылысын бастаужоспарлануда. Жоба іске асқан уақытта 1540 адам жұмыспен қамтылады.
«Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты салынады. Жылдық қуаты 1200 мың тонна. Жоба іске асқан уақытта 1216 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 53,4 млрд теңге. Бүгінгі таңда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның басталу уақыты 2028 жыл.