Бүгін “Өнер орталығы” салтанатты түрде ашылады. Оған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған біраз қонақтар келмек. Оның ішінде қазақ өнерінің қайталанбас таланты Айман Мұсаходжаева мен Сырдан шыққан таланттар бар дейді бейресми ақпарат.

2022 жылдың қыркүйек айында Қызылордада 1000 келушіге арналған Өнер орталығының іргетасы қаланғанды. Құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын екі қабатты ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланған.

Ғимарат заманауи сәулет үлгісімен салынған, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мың адамға арналған мәжіліс залы, үйірме бөлмелері жұмыс істейді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ