Қызылордалық кәсіпкер Руслан Ахметов пластик бұйымдары өндірісін іске қосты.

Өндірісте кәсіпкер Rehau брендінің профиль жүйесін қолданады. Олардың параметр, өлшемдері мен эстетикалық сипаттамалары әртүрлі. Қолда бар ассортимент әртүрлі деңгейдегі жөндеу және құрылыс жобаларына профиль түрін еш қиындықсыз таңдауға мүмкіндік береді. Соның арқасында тұтастай жабық, шалқайып ашылатын, жиналмалы жапқышы мен балкон есігі бар терезе блоктарын жасауға да болады. Кәсіпкердің өнімдері функционалды ғана емес, дизайны сәнде де.

Қазір кәсіпорынның тұрақты тұтынушылары көп. Өйткені бұл өнім әртүрлі салада әрдайым сұранысқа ие. Кәсіпкер өнімді елдің әртүрлі аймақтарына да жеткізіп береді. Болашақта шет елдерге экспортқа шығару да жоспарда бар. Бұл – облыс пен елдің экономикалық дамуына үлкен үлес қоспақ.

БӨЛІСУ