Әзербайжан астанасы Баку қаласында 23-29 наурыз аралығында бокстан өтетін «Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар да сынға түседі,- деп хабарлайды kaz.inform.kz

Олардың қатарында лицензиялық турнирлерден босатылған аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев та бар.

Айта кетейік, әзірге, бокстан Парижге жолдама ерлер арасында +92 келі салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевтың қолында ғана бар. Ол Олимпиада жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алған болатын. Соған байланысты ол алдағы іріктеу турнирлерінен босатылған болатын.

«Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылар:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Дамир Әбдіқадыр

54 келі: Тимур Қабдешов

57 келі: Ерболат Сабыр

60 келі: Талғат Сырымбетов

63,5 келі: Серік Теміржанов

67 келі: Бақтияр Смағұлов

71 келі: Дархан Дүйсебай

75 келі: Тимур Нұрсейітов

80 келі: Бекзад Нұрдәулетов

86 келі: Бекзат Таңатар

92 келі: Сағындық Тоғамбай

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

БӨЛІСУ