Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласын дамыту мақсатында “Шаңырақ” шығармашылық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Сайыс барысында журналистер елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениетін насихаттауға және Қазақстан халқы Ассамблеясы институты беделін арттыратын бірлікті нығайтуға бағытталған материалдар, әр облыстағы этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық-саяси өмір жетістіктерін қамтыған түрлі мақалалар мен бейнесюжеттер әзірлеп, жарыққа шығарды.
Биыл барлық өңірлерден 50-ден астам БАҚ өкілдерінен 300-ге жуық материалдар келіп түсті.
Соның ішінде Сыр өңірінен аға басылым “Сыр бойы” газетінің бөлім басшысы Ержан Қожас жүлделі II орынды алса, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының“Қоғамдық келісім” КММ баспасөз хатшысы Әсел Абзал III орынды иеленді.
Қос жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз және БАҚ өкілдеріне еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуды насихаттап үлес қосқандарына алғысымызды білдіреміз!