Кеше ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекциялардың кейбір түрлері бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы айтып берді.

«Ағымдағы жылдың 10 айында 21 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, құтыру, висцералдық лейшманиоз, туляремия жағдайлары тіркелген жоқ. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді», – деді министр өз сөзінің басында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 1 млн 370 мың жағдайы тіркелді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ын 114 жасқа дейінгі балалар құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8%-ға төмендеді. Қараша айынан бастап тұмаудың 115 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, алдыңғы жылдардағыдай А(H3N2) тұмауы мен В тұмауының айналымы байқалады, тұмауға қарсы вакцинациялау компаниялары аяқталды, 2 млн.400 мың адам егілді, бұл ел халқының 12,1% -ын құрайды.

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп атап өтті ведомство басшысы. «Ағымдағы жылдың басынан бері сырқаттанушылықтың 2,6 есе төмендеуі байқалады. Ағымдағы жылдың 10 айында 11 734 адам ауырып, 1310 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда 2 пациент стационарлық емделуде», – деді министр. «Бүгінгі таңда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделі. Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 82%-ы балаларға, оның ішінде 83%-ы вакцинацияланбағандарға тиесілі. Бұл ретте, балалардың 60%-ы бас тартуға байланысты, қалған балалар егу жасына жетпеуі және медициналық көрсетілімдердің себебінен вакцинацияланбаған. Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді», – деді министр.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ұйымдасқан, оқу жылында ұжымдарда балалардың жиналуына байланысты сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады, нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейі 2 есеге өсті. Қараша айында қызылшаның 6 мыңнан астам жағдайы тіркелді, деп қосты А. Ғиният.

БӨЛІСУ