Қала бойынша жыл басынан бері жалпы сомасы 23,68 млрд. теңгені құрайтын 1270 жоба қаржылай қолдау алып, 3444 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:
– «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 13,69 млрд. теңгені құрайтын 378 жоба қаржыландырылды.
– «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында гранттар беру бағыты (400 АЕК) бойынша 633,4 млн. теңгені құрайтын 459жоба қолдау алды.
– «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы өз қаражаты есебінен жалпы құны 716,4 млн.теңгені құрайтын 75жоба қаржыландырылды.
– «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы «Жастарға арналған несие» (2,5%) бойынша жалпы құны 292,6 млн.теңгені құрайтын 85 жоба қолдау алды.
– «Аграрлық несие корпорация» АҚ несие корпорация микрокредиттері бойынша жалпы құны 802 млн.теңгені құрайтын 34 жоба қолдау алды.
– «Шағын және орта бизнес кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру» арқылы 7 457,2 млн. теңгені құрайтын 221 жоба қаржыландырылды.
Коммуналдық шаруашылық. Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 1246,5 млн теңге, оның ішінде:
10,3 млн. теңгесі құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыруға бөлінді.
Жыл басынан бері 308,5 мың м³ күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, 136,3 мың м³ күл-қоқыс залалсыздандырылды.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша барлығы
7 975,0 млн. теңге (р/б 1 658,0 млн. теңге, о/б 4 513,8 млн. теңге, қ/б 1 803,2 млн. теңге) бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесін Желтоқсан көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Ы. Жахаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыруға 1 130,0 млн. теңге (жұмыстары жүргізілуде), Қызылорда қаласы сол жағалаудағы Абылайхан даңғылын абаттандыруға 564,8 млн. теңге (жұмыстары жүргізілуде), Қызылорда қаласы С. Бейбарыс көшесін Н. Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыруға 1 722,4 млн. теңге (жұмыстары жүргізілуде), Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын күрделі жөндеуге 787,9 млн. теңге (аяқталды), Қызылорда қаласындағы 52 көшесі ұзындығы 59,8 шақырымды құрайтын көше жарығының құрылысын бастауға 100,0 млн. теңге (конкурс), Қызылорда қаласындағы 19 көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру 690,0 млн. теңге,(аяқталды) 16 дана техникалық ұңғыманы бұрғылауға 334,7 млн. теңге ( ұңғымалар тоығымен орнатылды), кіші балалар ойын алаңдарын орнатуға 83,3 млн. теңге (жұмыстары жүргізілуде), қала көшелеріне аялдамалар орнатуға 30,0 млн. теңге (жұмыстары жүргізілуде), коммуналдық шаруашылық нысандарды күтіп ұстауға 182,7 млн. теңге, Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар сатып алуға 90,0 млн. теңге, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, жаяу жүргінші көпірін күтіп ұстауға, «Халықтың қатысу бюджетін» іске асыруға 318,3млн.теңге (16 жобаның 14 жобасы аяқталды 2 жобаның жұмыстары жүргізілуде) , Қызылорда қаласы Айтеке би көшесі №5, Қазантаев көшесі №31, Айтбаев көшесі №59, Төлеби көшесі №114, 137А,141,145, 136А,138Б, Шұғыла шағын ауданы №6, Титов шағын ауданы №28, 31, Жаңа құрылыс №1,2,3,4,5,6,14 А мекен жайындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді абаттандыру 185,0 млн. теңге, Тасбөгет кентіндегі С. Сейфуллин, Н.Өткелбаев, А.Жангелдин, А.Жанкин, Ж.Әбілқасымова және З.Мамбетова көшелерінің жарық бағаналарының құрылғысы 104,0 млн. теңге.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жер учаскесін сәйкестендіру, құжатын әзірлеу, жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын, нақты жағдайдағы шегараларын анықтауға 101,0 млн. теңге , жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу жұмыстарына 17,1 млн. теңге бөлінді.
Қызылорда қаласының 826 көшесінің 164 көшесі ұзындығы 273 шақырымы жарықтандырылған, 10 665 – жарық бағаналары, 11 625 – жарық шамдары, 42 скверлер мен аллеялар және 86 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылған.
Жарықтандыру жұмыстары бойынша барлығы 920,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 7,5 млн. теңгеге Мырзабаев көшесін Астана даңғылынан Ж. Бекхожаев көшесіне дейін түнгі көше жарықтары орнатылады (0,5 км).
Қызылорда қаласының аумағында жалпы ұзындығы 713 шақырым болатын 826 көше бар. Оның ішінде 826 көшенің 588-ы асфальттанған, 219-на тас жол төселген, 19-ы қара жол.
Жол саласы бойынша барлығы 11 164,6 млн. теңгеге 219,6 құрайтын 275 көшеге жол жөндеу жұмыстана қаржы қаралып, қазіргі таңда 134,4 шақырым жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның ішінде:
Көпір құрылысына барлығы 796,5 млн. теңге (р/б 620,2 млн. теңге, о/б 176,3 млн. теңге) қаржы төмендегіше бағытталады.
Белкөл кентінде теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін аяқтауға 109,4 млн. теңге, Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына өтетін көпір құрылысына 366,6 млн теңге (жүргізілуде), Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына 320,5 млн. теңге (жүргізілуде).
Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 177,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 53 дана бағдаршамды күтіп ұстауға 28,8 млн. теңге, жол белгілерін орнатуға 18,6 млн. теңге, жол белгілерін күтіп ұстауға 5,9 млн. теңге, жасанды тегіс емес қондырғы орнатуға 4,8 млн. теңге, жол таңбаларын сызуға 76,4 млн. теңге, Әбілқайыр хан көшесімен Шымкентская көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатуға 15,0 млн. теңге, Ш. Есенов көшесімен Демесінов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатуға 16,1 млн, теңге, Қызылжарма ауылдық округіне қарасты Р. Батырбаев көшесімен К. Сексенбаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатуға 11,9 млн, теңге. Аяқталды
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қосымша дыбысты бағдаршамдар орнатуға облыстық бюджеттен 0,3 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік маңызы бар қалааралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобустар сатып алуға «Автобус паркі» ЖШС-не 1 612 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 50 автобус пайдалануға берілді. 100 автобус жыл аяғына дейін келу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 12 көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 773,8 млн. теңге бөлінді.