2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі Республикалық кеңесте кешенді жоспар іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету бойынша пікір алмасылды, қатысушылар өңірлерде басталған жұмыстың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің “Әділетті Қазақстан бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым” сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Кешенді жоспар бес негізгі бағыттан тұрады: қауіп факторларының профилактикасы және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту.

“Осы Жоспарды іске асыру онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы қатерлі ісіктерден ауыртпалықты азайтуды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, онкологиялық аурулардың ерте (0-I) сатыларының үлесін анықтау 2027 жылға қарай 35%-ға дейін артады деп күтілуде.

Бұл ретте 2027 жылға қарай көзге көрінетін онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесін 10%-ға дейін төмендету болжанады. Онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді сәулемен емдеумен қамтудың өсуі 2027 жылға қарай 53%-ға жетеді”, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов.

Кеңеске өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының, онкологиялық орталықтардың басшылары, ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, “ҚазҒЗИ онкология және радиология” АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова қатысты.

Кеңес соңында А. Дүйсенов басқарма басшыларының назарын кешенді жоспар іс-шараларының сапалы орындалуына аударды.

Қызылорда облысында өткен жылы онкологиялық ауру бойынша 4700 адам тіркелсе, биылғы жылдың 9 айында 5332 науқас деспансерлік есепке тұрған. Бұл көрсеткіштен аурушаңдықтың 11,1 пайызға өскені байқалады.

Мамандардың айтуынша, қазір аймақта сүт безі қатерлі ісігі алдыңғы  орында тұр. Одан кейін өкпе, асқазан, жатыр мойны қатерлі ісіктері де кең етек жайып отыр. Партиялық бақылау нәтижесінде өңірде онколог дәрігерлердің жетіспейтіні анықталды. Сондай-ақ онкологиялық ауруды ерте анықтау үшін тұрғындардың тұрақты түрде скринингтен өту мәселесі ақсаңдап тұрғаны айтылды. Оған басты себеп – халықтың МӘМС жүйесін уақытылы төлемеуі.  Осыған орай қызылордалық дәрігерлер қатерлі ісікті ерте анықтайтын скринингтен өтуді әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне ауыстыруды сұрайды.

Мамандардың айтуынша, сонда ғана онкологиялық ауруды ерте жастан анықтап, алдын алуға үлкен мүмкіндік туады.

БӨЛІСУ