Арал өңірінен кварц құмын өндіру жобасын жүзеге асыру мақсатында Германия мемлекетінің «Medal group» компаниясының өкілдері Шнайдер Андреас пен Умбетаев Әнуар, «EuroGlass Industries» компаниясының өкілі Е. Сағымбаев және Қызылорда облыстық даму орталығының директоры Т. Матаев, пен орталық кеңесшісі А. Ермекбаев жұмыс барысымен ауданда болды.

Аудан әкімі С. Сермағамбетов аталмыш компания өкілдерін қабылдап, жергілікті жерден өндіріс орнын ашу мәселелерін талқылады. Аудан басшысы жергілікті жердегі ерекшеліктерді түсіндіріп, қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Кездесу барысында Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекені аймағынан кварц құмын өндіруге қызығушылық білдіретіндіктерін жеткізді. Жоба аясында тау-кен байыту комбинатын ашып, құрғақ құрылыс заттарын өндіру жоспарланған. Өндірілген өнімдер Қызылорда қаласындағы шыны зауытына жөнелту көзделген.

Сонымен бірге, шыны өндірісіне қажетті шикізат пен құрғақ құрылыс заттарын өндіретін тау-кен комбинатының құрылысын инженерлік-инфрақұрылымдар тартылған Арал қаласындағы индустриалды аймақтан немесе Шөміш елді мекенінен салудың тиімді тұстары қаралды.
Атап өту қажет, ауданға инсвестиция құйылып, зауыт құрылысы жүргізілсе жергілікті азаматтар жұмыспен қамтылып, кіріс көздері ұлғаятын болады.

БӨЛІСУ