Әйтеке би кентінде Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдығы аясында «Мирас» қоғамдық моншасы ашылды.

Нысанның ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың қуанышымен бөлісіп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

– Өздеріңіз білесіздер, халық арасында Қазалы ауданын – «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Бұл өз кезегінде ауданда кәсіпкерліктің кең өркен жайып, жұмыссыздардың санын азайтуға септігін тигізуде.
Бүгін міне біз Сіздермен бірге Пахрадин Сражадинұлының өз қаражаты есебінен тұрғызған жаңа нысанның ашылуында бас қосып тұрмыз. Ерекше атап өтетін жайт – мұнда 12 адамды жұмыспен қамтығалы отыр, – деген аудан басшысы жеке кәсіпкер Пахрадин Өтеевке аудан әкімінің “Алғыс хатын” табыстады.

Сол секілді “Сыр маржаны” ЖШС директоры Мнажадин Өтеев те өзінің жылы лебізін жеткізді.

Мұнан соң қонақтар ашылу рәсіміне куә болып, жаңа нысанның жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл Қазалы ауданында жыл басынан бері ашылған 22-ші нысан.

БӨЛІСУ