Қармақшы ауданының көгілдір отынға қосылған елді мекендерінің санын арттыру мақсатында (бүгінгі күнге аудан бойынша тек Жосалы кенті қосылған), Төретам кентінің 73,2 пайыз (2023 жылға-505,8 млн.тг) және Ақай ауылдық округіне (2023 жылға-148,7 млн.тг) 91,2 пайыз газ тарту жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, Дүр Оңғар ауылына ауылға дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысы мен Жосалы кенті “Тәуелсіздік” ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысын жүргізу мақсатында алдағы жылдарға жоғары тұрған бюджеттен қаржыландаруға тиісті құжаттар өткізілді.

Есепті кезеңде 11460 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 пайызды құрап отыр.

2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлер тарапынан екі пәтерлік 25 тұрғын үй салынып (50 пәтер),мемлекеттік тұрғын үй қорына заңдылыққа сәйкес тұрғын үйлер сатып алынатын болады.

Денсаулық сақтау саласында 2023 жылы аудандық орталық ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылды.

Анықтама үшін: Ауданда 62 дәрігер, 527 орта буын қызметкерлері, 137 кіші буын қызметкерлер жұмыс жасауда. 1 аудандық орталық аурухана (115 орындық), 1 емхана (250 орындық), 1 ауылдық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық бекет бар.

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде(174,9 млн.теңге).

Аудан бойынша Тұрмағамбет (391,0 млн.теңге), Ақжар (392,8 млн.теңге), Дүр Оңғар (396,6 млн.теңге) ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылыстары бастау алды.

Қармақшы аудандық ауруханасының «Шипагер» емханасы үшін блоктық модульдік қазандық салуға 53,6 млн.теңге қаржы қаралды.

Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі Білім беру саласы екені белгілі.

Қармақшы ауданы бойынша жалпы саны 30 мектеп жұмыс жасайды (29 жалпы орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп)2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа 1570 оқушы қабылдануы күтілуде.

2022-2023 оқу жылында 655 мектеп бітірушінің 581 немесе бітірушілердің 89,0 пайызы ҰБТ-ға қатысып, олардың орташа баллдық көрсеткіші 84,7 пайызды құрап, оның ішінде 40 түлек «Алтын белгі» және 68 түлек «Үздік аттестат» иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Қармақшылық қос түлек аудан бойынша ең жоғары балл жинаған №277 мектеп-лицейінің оқушылары Ануарбеков Нұртуған Даниялович және Жаканов Алмас Серикович.  Екеуіде 133 баллдан жинаған.

Жаканов Алмас Серикович – «Үздік аттестат» иегері, сонымен қатар пәндік республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы, қала әкімдігінің стипендиаты және дебат ойындарынан Астана қаласында өткен республикалық турнирдің 3 мәрте қатысушысы.

Ауданда 42 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 24 мемлекеттік, 17-і жекеменшік балабақша мен 1 шағын орталық.

Бүгінгі күні 42 мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 176 топ бар, онда 3676бала тәрбиеленуде.

Аймақ басшысының қолдауымен 4 жаңа 40 орындық автобус кілті мектептерге табысталды

(оның ішінде Жосалы кентіндегі №№250, 183, 284мектептеріне және Төретам кентіндегі №269 мектепке)

Аудан білім нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру мақсатында биылғы жылы 4 балабақшаның бу қазандықтарының ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қармақшы ауылындағы «Балбөбек» балабақшасына 39,6 млн.теңге және облыстық бюджеттен Көмекбаев ауылындағы балабақшасына 30,млн.теңге қаржы қаралды.

«Тоғжан» және Дүр Оңғар ауылындағы балабақшаларынының қазандық ғимаратының бастапқы құрылысына 2,0 млн теңге осы маусым айында облыстық бюджеттен бағытталды.

Сонымен қатар, 1 балабақша мен 3 мектептің жылу қазандықтары газ отынына қайта жабдықтау үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілетін болады. Жосалы кентіндегі №21 “Тоғжан” бөбекжай балабақшасының қазандық ғимаратының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 1,9 млн. тг., №284 мектеп лицей-интернат ғимаратына спорт зал құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу, сараптамадан өткізуге 3,6 млн. тг., 27, 121 орта мектептерінің жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау үшін ЖСҚ әзірлеу, сараптамадан өткізуге 3,5 млн. теңге қаржы қаралды.

Заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025жылдары аралығында Қармақшы аудынының Жосалы кентінде орналасқан №105 мектеп-лицейі және Интернационал ауылындағы №108 орта мектебін салу жоспарлануда.

БӨЛІСУ