Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының кезектен тыс Алқа отырысы болып өтті.
Алқа отырысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық филиалдарының басшылары және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық ауруханалардың қаржылық-шаруашылық жағдайының және медицина ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінің жағдайының талдамалық есебі, Қызылорда қаласы тұрғындарының амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша 2 мәселе қаралды. Аталған тақырыптар төңірегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары Ерділдә Нұртазаұлы мен басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ләззат Айтимбетова баяндады.
Жиында негізгі баяндамашыларға қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің талдауы бойынша департамент басшысы Ғалия Байменова баяндады.
Тақырыпқа сәйкес медицина ұйымдарының жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті.