Skip to content

МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫН НЫҒАЙТУ ӨЗЕКТІ

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде мектеп медицинасын нығайту көзделген.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалар барлық бағыттар бойынша тегін медициналық көмек алудың басым құқығын пайдаланады. Балалардың денсаулығын сақтауда жүктілік кезеңінен бастап дамудың барлық кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай дәйекті стратегиясын сақтау маңызды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың І тоқсанында жүкті әйелдерді ағзалар мен жүйелердің даму ақауларын анықтауға арналған пренаталдық скринингпен қамту 81,9%-ды құрайды. Содан кейін туғаннан соң бірден ауруларды ерте диагностикалау мақсатында жаңа туған нәрестені тұқым қуалайтын ауруларға, есту қабілетінің төмендеуіне, психофизикалық дамуға, шала туған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі.
БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.