Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды — Е. Қарашөкеев
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары қаралды. Аталған тақырып бойынша ауыл шаруашылығы министрі – Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев, Қостанай облысының әкімі – Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Айдарбек Сапаров және Ақмола облысының әкімі – Ермек Маржықпаев баяндама жасады.
Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, бүгінгі таңда облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемгі дала жұмыстары Ұлытау облысын қоспағанда, еліміздің барлық өңірлерінде аяқталды. Осы өңірде егіс кезеңінде жауын-шашынның көп болуына байланысты егіс жұмыстары ұзаққа созылып, науқандық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жалпы, осы жылы әкімдіктердің деректеріне сәйкес жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп, оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар.
«Жеке дақылдарға тоқтала кетсем, масақты дақылдар 15,6 млн га алаңға егілді, егіс толығымен аяқталды. Майлы дақылдар алаңы бойынша жоспар 3,3 млн гектарды құрады, жұмыстар 3,3 млн гектардан аз алаңда немесе жоспардың 97,4%-ы аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50 мың гектарға, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға және Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді, ал Батыс Қазақстан облысында жоспарланған өсімнің орнына 37,5 мың гектарға, ал керісінше алаң 16 мың гектарға қысқарды», — деп мәлімдеді Е. Қарашөкеев.
Картоп егу толығымен аяқталды, егіс алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылып, 197,5 мың гектарға жетті, оның 2 мың гектары Солтүстік Қазақстан облысында. Қант қызылшасының ауданы 19 мың гектарға дейін жеткізілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 7,4 мың гектарға көп, егіс аяқталды. Мақта егу де аяқталды, 111,4 мың гектарға егілді, бұл төмендеу шамамен 15 мың гектарды құрады. Күріш 97,3 мың гектар алаңға егілді, бұл жоспардағы көрсеткіштен 2,3 мың гектарға көп.
Сонымен қатар аталған ылғал көп қажет ететін дақылдар бойынша суару үшін су тапшылығы қаупі бар екенін ескере отырып, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Қызылорда және Түркістан облыстарын су ресурстарының қажетті көлемімен қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды сұраймын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды. Егісті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қалыптастырған 2,4 млн тонна көлемінде тұқым қоры болды. Заңнамада көзделгендей тұқымдарға сараптама жүргізілді. Тексерілген тұқым көлемінің 99,9%-ы кондициялы деп танылды, 90,9%-ы егу стандартының 1 және 2-сыныбына сәйкес келеді. Тұқым жеткізуде ешқандай проблемалар болған жоқ.
«Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, сондай-ақ 76 мың сепкіш болды. Жұмыс басталарда барлық өңірлер бойынша техниканың дайындығы 100%-ды құрады. Сондай-ақ шаруалар егіс жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларына шамамен 419,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға көп», — деп баяндады ауыл шаруашылығы министрі.
Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекітудің тиісті графигі бекітілді және мұнай өңдеу зауыттарымен бекітілген баға – тоннасына 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып белгіленді. Дизель отынының шекті рұқсат етілген бағасының өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға өзгеріссіз қалды.
Қазіргі уақытта Министрлік егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына деген қажеттілікті қалыптастыруда.
Айта кету керек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынының қажетті көлемін қалыптастыру және сату алғаш рет субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль базасында электрондық нысанда жүзеге асырылатын болады. Мәселен, аталған жүйе арқылы 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген. Қазіргі уақытта Министрлік жөнелту кестесін қалыптастыру үшін Энергетика министрлігіне жіберілетін жалпы өтінімді қалыптастыруда.
Биылға шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Осы бағыт бойынша субсидиялар алу бойынша барлық проблемалық мәселелер шешілді, төлем өңірлерді қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда фермерлерге 464,7 мың тоннадан астам тыңайтқыш жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 68,7 мың тоннаға артық.
«Мұнда атап өтетін жайт 180 мың тонна тыңайтқыш немесе республикалық көлемнің 25,5%-ы Солтүстік Қазақстан облысына енгізу жоспарланған. Бұл ретте, осы өңірде жоспардың 85%-ын құрайды. Жоспардың орындалуы бойынша жоғары көрсеткіштерді Қызылорда, Алматы, Қарағанды облыстары мен Жетісу облыстары бойынша да атап өту қажет», — деді Е. Қарашөкеев.
Шаруаларды қаржымен қамтамасыз ету үшін биыл Кең дала бағдарламасы бойынша 140 млрд теңге қарастырылған. Көрсетілген қаражаттың бюджеттен бөлінуін күтпей, Аграрлық несие корпорациясы қолда бар ресурстар есебінен қаржыландыруды желтоқсан айынан бастады.
Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 140 млрд теңге сомасына 3,7 мыңға жуық өтінім келіп түсті, 138,8 млрд теңгеден астам сомаға 3,4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілді, қалғаны беру сатысында.
Сондай-ақ «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасып, жалпы сомасы шамамен 70 млрд теңгеге тауарлық несиелер беру басталды. Атап айтқанда, 21,2 млрд теңге форвардтық сатып алуға, ал 528 мың тонна көлемінде Көктемгі дала жұмыстарын іске асыру және кейіннен қаржыландыру үшін шамамен 47 млрд теңге тауарлық несиелеуге бағытталды.
Қазіргі уақытта 19,8 млрд теңге сомасына 211 шарт жасалды, оның ішінде 19,7 млрд теңге сомасына 209 шарт қаржыландырылды.
Тауарлық несие бағдарламасы бойынша 62 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жалпы көлемі – 526 мың тонна, шамамен 46 млрд теңге сомаға 77 шарт жасалды. Ауа райы жағдайына келетін болсақ, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша тұтастай алғанда алдағы егін жинау үшін қолайлы ауа райы болжанады, маусым айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде байқалады.
«Мемлекет көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасады, шаруалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді. Бұл мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында», — деп ауыл шаруашылығы министрі сөзін қорытындылады.
Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету туралы ақпаратпен таныстырды.
Мәселен, көктемгі егіс жұмыстарына өткен жылы – 400 мың дизель отыны бөлінсе, ал биылға 419 мың тонна бөлінді. Биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамымен бірлесіп тиеп-жөнелтудің біркелкі графигін дайындады: айына 81-117 мың тонна, өткен жылдан бастап мұнай өндіру зауыттарынан жөнелтілімдер біркелкі емес және айына 20-152 мың тонна шегінде ауытқып отырды.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде тиеп-жөнелтудің біркелкілігі жанармай құю стансаларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін дизель отынының құны – тоннасы үшін 222 мың теңге немесе литрі үшін 184 теңге. Егер дизель отынын жеткізу жөніндегі операторлардың шығыстарын ескеретін болсақ, онда Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері жеткізу кезіндегі орташа баға литрі үшін 204 теңге болады. Бұл автожанармай құю стансасы бағадан 31%-ға төмен», — деп атап өтті энергетика министрі.
Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және мұнай өңдеу зауыты дизель отыны қозғалысының ашықтығын және бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінен жеке ПИН-кодтар алынды;
- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері дизель отынын сары, Павлодар мұнай-химия зауыты қызыл, Шымкен мұнай өңдеу зауыты көк түске бояу;
- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері операторларымен шот-фактуралардың электрондық жүйесінде жеке виртуалды қоймалар құрылды.
5 маусымда 419 мың тоннаның 392,5-і немесе 93,5%-ы жөнелтілді.
Маусым айында соңғы 10,37 мың тоннаны жөнелту жоспарланып отыр.
Мұнай өңдеу зауытының уақытында тиеп-жөнелту шарттары: АШТӨ операторларының вагон-цистерналарды өтініш, төлем және тапсыру. Жөнелту мәселелері Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз бақылауында тұр.
Өткен жылғы 30 желтоқсанда «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қабылданған түзетулерге сәйкес:
- 13 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру, сондай-ақ бөлу қағидаларын бекітті;
- сонымен қатар жанар-жағар май тапшылығын болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай жеткізушілер жыл сайын көктемгі егіс және күзгі егіс жұмыстары кезеңінде мұнай өнімдерінің көлемін стационарлық жанармай құю стансаларының атына жеткізуге міндетті.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлағандай, облыста егіс жұмыстары аяқталды, 4 млн 928 мың га алқапта жаздық дақылдар егу жүргізілді. Дақылдарды себу мерзімі сақталып, егістік алқаптарының жоспарланған мөлшері толық орындалды.
Облыста дәнді және бұршақ дақылдары 4 млн 30 мың гектарға егілді.
Майлы дақылдар алқабы – 750 мың га. Майлы дақылдардан егіс алқаптарының басым бөлігін зығыр, күнбағыс, мақсары алып жатыр. Негізгі әлеуметтік маңызы бар дақылдардан – картоп және көкөніс алқаптары ұлғайтылды. Жарма дақылдары 24,3 мың гектарға егілді. Дақылдарды егу үшін 514 мың тонна тұқым пайдаланылды. Оның ішінде 4,4 мың тонна бірегей тұқым, 22,7 мың тонна элита тұқымы.
Дақылдарды жаппай себу басталғанға дейін ылғал мөлшері орташа көпжылдық деңгейінде болды – 168 мм.
Биыл облыстың АӨК дамытуға 58,5 млрд теңге, оның ішінде субсидиялауға 40,5 млрд теңге және бюджеттік несиеге 18 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 34,8 млрд теңге несиелік қаражат берілді.
Биылғы 4 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 25,4 млрд теңге.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары таяу кезеңде арамшөп өсімдіктеріне, зиянкестерге және ауруларға қарсы егістерді өңдеуді бастайды, пар алқаптарын өңдеуге және шөп шабуға кіріседі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров келтірген мәлімет бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 4,5 млн гектарды, оның ішінде дәнді дақылдар – 3,2 млн га, майлы дақылдар – 960 мың га, жемшөп – 353 мың га, картоп – 34 мың га, көкөністер – 6,2 мың гектарды құрады.
Биыл егістік алқабы 90 мың гектарға көбейді. Әртараптандыру аясында жасымықтың алқаптары 100 мыңға гектарға, күнбағыс 125 мың гектарға, қыша 12 мың гектарға дейін ұлғайтылды.
«Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен молықтыру үшін қарақұмықтың алқабы 3 есеге, картоп, сәбіз және қырыққабат алқаптары 2 есеге артты. Бұл шаралар өңірдің қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді», — деді А. Сапаров.
Оның айтуынша, агротехникалық шараларды жақсарту шеңберінде биыл 180 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 3-5 центнерге өсіруге мүмкіндік береді.
Науқандық жұмыстарға Қаржы институттары арқылы 37,8 млрд теңге бөлінді. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге нарықтағыдан төмен бағамен 73,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Егіс науқанына 15 мыңнан астам бірлік техника қатысты.
Жыл басынан бері 21 млрд теңге сомаға қосымша 1 095 бірлік техника мен жабдық сатып алынды. Егіс науқаны қолайлы агротехникалық мерзімде өткізілді. Бүгінде егін алқаптарында шаруашылықтар химиялық өңдеуге кірісе бастады.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде жоспарланған барлық алқапта көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Осы жылы жазғы егістік 27,3 мың гектарға артты және 5,2 млн гектар құрады. Сондай-ақ дәнді және бұршақ дәнді дақылдар алаңы 4,7 млн гектарға дейін кеңейтілді. Мал басын жеммен толық қамтамасыз ету үшін, жемдік дақылдар алаңы 1,4 мың гектарға арттырылып 196 мың гектар құрады.
Майлы дақылдар алаңы 300 мың гектарға картоп пен көкөніс 18 мың гектарға дейін артты. 562 мың тонна ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары себілді, 63 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді 74 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Егін егу науқанына 33 мыңнан аса астық себу, тракторлар және егістік кешендері тартылды. Биыл 23,7 млрд теңгеге 557 ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.
Осы жылы 106 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау қарастырылды. Көктемгі егістік жұмыстарын несиелеу үшін 441 фермер 39 млрд теңгеге қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 54 шаруашылық 4,1 млрд теңгеге қаржыландырылды. Тауарлық несиелеу түрінде жаңа құрал енгізілді, оның шеңберінде 17 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 70 мың тонна астыққа шарттар жасалды. Осы шаралар барлық көктемгі егін егу науқанын тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік берді», — деп қорытындылады Ақмола облысының әкімі.