Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Өз кезегінде Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

БӨЛІСУ