Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Президент Жарлығы аясында Жосалы кентінің халқымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, биыл аймақ басшысының қолдауымен Жосалы кенті бойынша ауқымды 33 жоба республикалық, облыстық бюджет көздері арқылы қаржылай қолдау тапқандығын айрықша атап өтті.

Қазіргі уақытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу, «Шипагер» емханасы үшін блоктық модульдік қазандық салу, 15 көшеге орташа жөндеу, 10 көшені жарықтандыру және 2 көшеге жарық шамдар бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, аталған ғимараттың бу қазандығын табиғи газге ауыстыру, Шығыс және Мырзағалиев көшелерінің қиылысынан №16-ТВ, “Қазақ хандығына 550 жыл” аллеясы аумағынан №17-ТВ, Сегізов және Төлеуов көшелерінің қиылысынан №18-ТВ, Нұртай және Ораз ахун көшелерінің қиылысынан №15-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары атқарылуда.

Одан бөлек, №21 “Тоғжан” бөбекжай балабақшасының қазандық ғимаратының құрылысына, №284 мектеп лицей-интернат ғимаратына спорт зал құрылысына, №27, №121 орта мектептерінің жылу қазандығын газ отынына қайта жабдықтау үшін ЖСҚ әзірлеу, сараптамадан өткізу үшін тиісті қаржылары бөлінді.

Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

БӨЛІСУ