Бүгін аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов «БИС-Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосу жұмысымен танысты. Тұралап қалған зауыт жұмысын жүргізу үшін 2022 жылы Қытай Халық Республикасының технолог мамандарын алдырып, құрал-жабдықтары ауыстырылып, мия тамырының сығындысынан тәтті ұнтақ шығару қолға алынды.

“Қазіргі таңда зауыттан тәулігіне 1,5 тонна тәтті ұнтақ шығарылуда. Алдағы уақытта қосымша қондырғылар орнатылып, зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3,5 тоннаға дейін жететін болады.
Зауытта қазіргі таңда 900 тонна мия тамырының қоры бар.

Шығарылатын өнім кондитерлік өнімдер, порфюмерия (пудра), тәтті сусындар шығаруда кеңінен пайдаланылады.

Бүгінгі күнге зауытта 31 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, қосымша 30 адам жұмысқа алынады. Зауыт тоқтап тұрған жылдары жылына 6 млн. 975,0 мың теңге салық түсімдерін түсіріп отырған. Алдағы уақытта салық түсімдерінің көлемі шығарылған өніміне сәйкес көбейетін болады” – деді аудан әкімі.

БӨЛІСУ