Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кіtaр Fest» – 2023» кітап фестивалінің жалғасы «Жыршыл жүрек, арман кеуде» атты поэзия кешімен жалғасын тапты.

Поэзия кешінде Есет Табынбаев, Сағыныш Мұхитқызы, Елнұр Нұрқасым, жыршы Жанболат Өмірзақ, күйші Тұрар Садуақас және поэзия әлеміне енді қадам басып келе жатқан жас қаламгерлер төбе көрсетті.

“Кітапхана түні” аясында ұйымдастырылған кешке Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы арнайы қатысып, кеш қонақтарына жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, кітапхана ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, осындай кештер әлі де жалғасын тапса екен деген ниетін білдірді.

Мұнан соң Қазалы аудандық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы әнші, жыршы, ақын, күйші, жалпы өнердің қаймақтары жиналған кеш оқырмандарға керемет әсер сыйлады деп барша кеш қонақтарына шығармашылық шабыт пен толағай табыс тіледі.

БӨЛІСУ