Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында облыс орталығындағы жатақханаларда студенттермен кездесу өткізілуде.
Алғашқы кездесу Болашақ университетінің жоғары колледжі жатақханасында ұйымдастырылып, орталық теологы Қ. Кеңесбеков жастарға интернетке тәуелділік проблемалары, жат ағымдардың ықпалы және одан сақтану жолдары мен шетелде діни білім алудың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осы мақсаттағы келесі кездесу И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі жатақханасында болып өтті. Онда орталық қызметкері, «Салт пен сана» кітабының авторы С. Алдашбаев жоғарыда аталған тақырыптармен қатар, ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбиенің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жатақханасында тұратын білім алушылармен кездесуде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері, облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ә. Жаппасбаев жастарға интернетке тәуелділік және оның қауіптілігі, ақпаратты дұрыс сайттардан алу, теріс ағымдардан сақтану, шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі жайлы дәріс оқыды.
Кездесулер барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.