Бүгін қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Ермековтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы қаралды. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев алдымен дайындық шараларына тоқталып өтті.

Қызылорда қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында орналасқан. Соған сәйкес, жыл сайын облыс бюджетінен қаржы бөлініп, елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Өткен жылы, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала бойынша Конго-қырым геморрагиялық қызбасымен ауырған науқастардың тіркелу көрсеткіші (3 жағдай) төмендеді. Биыл «Қолайсыз» болып 12 елді мекен анықталып отыр. Залалсыздандыру жұмыстары сәуір айының екінші онкүндігінен басталады деп жоспарлануда.

Бұл мәселеде қала әкімінің орынбасары жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының сапалы әрі тиімді болуы елді мекендердегі мал қоралардың өңдеу алдындағы тазалығына байланысты екендігін сөз етіп, кент және ауылдық округ әкімдеріне елді мекен айналасы мен мал қораларын қи-қоқыстан механикалық тазартылуын ұйымдастырып, бақылауда ұстауды жүктеді.

Келесі, көктемгі залалсыздандыру жұмыстарына дайындық барысы туралы қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қойшыбай Жүсіпов баяндады.

Кеңес қорытындысымен қала әкімінің орынбасары әрбір елді мекендегі мал қоралар мен мал бастарына жасалынған залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

БӨЛІСУ