Облыста өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында құны 696,1 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылған соң 6,7 мың адамды жұмыспен қамтитын 35 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.

​2022 жылы құны 4,8 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 175 жұмыс орны ашылатын 7 жоба іске қосылды:

1. «Шаған» ФҚ «Күріш ақтау цехы» (Құны – 150 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 630 тонна, жұмыс орны – 25 адам, Сырдария ауданы).
2. «КЗ Сапа Бетон» ЖШС («Нұр орда жолы» ЖШС) «Асфальт-бетон зауыты» (Құны – 87 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 200 м3, жұмыс орны – 10 адам, Қызылорда қаласы).
3. «ВЕГА-Пром» ЖШС «Құрғақ құрылыс қоспалары цехын кеңейту» (Құны 103 млн. теңге, қуаттылығы –23,4 мың тонна, жұмыс орны – 31 адам, Қызылорда қаласы).
4. ЖК «Игіліков» «Балық қалдықтарынан жасалған балық ұнын өндіру» (Құны – 100 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1056 тонна, жұмыс орны – 19 адам, Қазалы ауданы).
5. «Тұрған-тамы» ШҚ «Балық өңдеу цехын салу» (Құны – 600 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 324 тонна, жұмыс орны – 40 адам, Қармақшы ауданы).
6. «Пірімжанов» ЖК («АдалКазСтрой» ЖШС) «Ішкі және сыртқы есктерінің өндірісі» (Құны – 300 млн. теңге, жұмыс орны – 20 адам, Қызылорда қаласы).
7. «Құрылыс-көлік компаниясы» ЖШС «Үй құрылыс комбинаты» (Құны – 3,5 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам, Қызылорда қаласы).

Сонымен қатар, 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен а.ж. жылдың 12 айында 61,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға (12 ай 2021 ж – 49,1 млрд. теңге) артқан. 2022 жылдың 12 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 25,5%-ды құрады (12 ай 2021 ж – 25,6%).

БӨЛІСУ