Кешегі өткен VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы халық қалаулыларының алдында сөйлеген сөзінде еліміздің алдағы уақыттағы саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына байланысты тоқталып өтті. Президент өз сөзінде -«Осы ретте шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл жөнінде көп айтылды. Бірақ аталған бағытта айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ. Демек, экономикалық саясатқа өзгеріс енгізу қажет. Шағын және орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді шаралар қабылдау керек. Олар елімізді дамытуда маңызды рөл атқаратынын толық сезінуге тиіс. – деп бұл саланың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Жалпы еліміздің экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнестің орны маңызды. Шағын кәсіп пен орта бизнес халықты тұрақты түрде жұмыспен қамту мәселесін шешуде зор роль атқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту , оған мемлекет тарапынан қолдау көрсету – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Алдағы уақытта біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады.

Даулет Омаров,
Философия докторы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі

БӨЛІСУ