Кеше өткен сайлауда Парламент Мәжілісінің жаңа палатасы жасақталып, демократия принципі бойынша көп партиялар мүшелікке ие болды. Бұл да болса жақсылықтың нышаны деп бағамдаймыз, ал жұмыс сапасына алдағы уақытта атқарған қызметтеріне қарап бағасы беріле жатар. Ескеретін бір жайт, үн қатпай жай келіп кететін депутаттардың мандатын қайтарып аламыз деп алдын ала ескерткен болатын Президент.
Аталған Парламенттің бірінші сессиясында Президент елдің әлеуетін көтеретін бірнеше мәселелерді атап өтті. Солардың ішіндегі бір мәселе бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет делінген. Азық-түлік қауіпсіздігі қай кезеңде, қай қоғамда болмасын басты стратегиялық мақсат болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, соңғы кезде алғашқы тұтынатын тауарлар мен азық-түліктердің бағалары нарықта тым өсіп кеткен еді. Бұл проблеманы шұғыл түрде қолға алатын уақыт әлдеқашан туғаны жасырын емес. Өйткені халықтың отбасылық деңгейдегі тұрмыстық сапасы мен сұранысына тұтыну қабілетіне қарай жағдайлар жасалмаса билікке деген сенім ешқашан болмайды. Сол себепті жаңа көзқарасты мақсат етіп сайланған халық қалаулылары аталған проблемаларды шешуде тиімді, әрі сапалы жұмыстар атқарады деп сенім білдіргім келеді.
Ерманов Нұрмұрат Наятұлы,
Облыстық ҚХА-ның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.