«Уылдырық» жедел-профилактикалық іс шарасы үлкен маңызға ие.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тоқсандық кестесіне сәйкес, көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезенінде «Арал-Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция қызметкерлерімен бірігіп, балық қорғау органдарына балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 01 сәуір – 31 мамыр күндері аралығында аудан көлемінде «Уылдырық-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі мақсат – балық және балық өнімдерін заңсыз аулап тасымалдау, саудаға салу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алу. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету бар өсімдіктерді жұлу заңмен құдаланатынын ескертеді.
Осы бағыттағы анықталған заң бұзушыларды әкімшілік, қылмыстық, жауапкершілікке тарту және қылмыстық істерді сотқа дейін жеткізу бойынша пәрменді шаралар қабылданатын болады.

 

БӨЛІСУ