Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ақсақалдар кеңесі» отырысы өтті.
Ақсақалдар кеңесі сан-алуан мәселелерді талқылап, ұйғарымға келетін, ресми орындарға ұсыныс беретін көпшілікті басқарудың биресми қоғамдық түрі. Ақсақалдар кеңесінің қоғамдағы рөлі мен орны туралы халықты, әсіресе жастарды ізгілік пен игілікке шақыруда нақты қадамдарға бару. Ақсақалдар алқасы қызметінің мақсаты – әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылауға қатысу, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу арқылы өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Ақсақалдар алқасы қызметiнiң мiндеттерiне аумағында тұратын этностардың салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрыптарын, мәдениетiн сақтау және дәрiптеу жастардың рухани-адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру.
Ақсақалдар кеңесі туралы ереже Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңестерінің қызметін ұйымдастыруда біріңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Кеңес өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеялары жанынан, облыс ауданында және қажет болған жағдайда ауылдық округтер мен ауылдарда тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктер әкімдіктердің жанынан құрылады. Кеңес құрамына жергілікті қоғамдастықтың тұрғындарынан, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары қатарынан қалыптастырылады. Кеңестің құрамын Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Кеңесі, аудандар, ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде – тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктердің әкімдіктері бекітеді.
Кеңестің негізгі міндеттері:
– мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
– азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс – қимылды нығайту;
– қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның кері байланыс тетіктерін ұйымдастыру;
– жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;
– мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға, оларды шешуге, сондақ – ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу;
– этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
– жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды шоғырландыру ісіне жастар ұйымдарымен өзара іс – қимыл жасау;
– халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру.
2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ақсақалдар кеңесі туралы ережесі, кеңестің міндеттері, өкілеттіктері бекітілді.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырмасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі құрылды. Шиелі ауданы әкімі Кеңес құрамында төраға, хатшы, 14 мүшесі бар.
Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 (үш) мәселе қаралды.
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы Шиелі аудандық Ақсақалдар кеңесінің құрылуы жайлы және алдағы міндеттері туралы Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев Сәрсенбайұлы, 2. Мектеп оқушыларының отбасындағы тәрбиесі туралы облыстық білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақпанбетов Марат Асанханұлы, 3. Жасөспірімдер арасындағы өз – өзіне қол жұмсау (суицид) және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Шиелі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің юбеналды полиция тобының аға инспекторы Мадиев Абай Тешебайұлы баяндама оқыды.
Кеңес соңында ұсыныс пікірлер айтылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі