Қазақстанда микро/шағын және орта кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнес бастаған жандар «Даму» Қоры арқылы несие жүгін жеңілдете алады. Ол үшін алдымен Қордың серіктес қаржы ұйымдарына несиеге өтінім беріп, мақұлдау шарт. Екінші деңгейлі банк, микроқаржы беретін мекеме, лизингтік компаниялар арқылы несие алу немесе жоғары пайызбен алған сол несиесін субсидиялап, пайызын азайту үшін бірнеше талапқа сай келу маңызды.

Ол қандай талаптар?

 Компания ел аумағында заңды түрде тіркеліп;
микро,- шағын және орта бизнес санатына жататын;
борыш, берешексіз, банкрот деп жариялау процедураларына қатысы жоқ болуы керек.

Алдымен несиеге келіп түскен өтінімді қарау үшін қаржы ұйымы заңды тұлғаның тіркеуі мен қаржы, салық есептерін сұратуы мүмкін. Алған қарыздың қайтпай қалмайтынына кепіл болатын мүлкіңіз де дайын болсын. Кепілдікті банк талап етеді. Ал кепілмүлкіңіз жеткіліксіз болса «Даму» Қоры несие сомасының 50 немесе 85 пайызына (қай санатқа жататыныңызға қарай) кепілдік береді. Қалғанын кәсіпкер өзі ұсынады.

Толығырақ 1408 қысқа нөмірі арқылы колл-орталыққа хабарласып білуге болады. «Даму» Қорының филиалдары барлық облыста, ірі қалаларда бар. Ондағы клиенттермен жұмыс істейтін арнайы менеджер кәсіпкерлерге Қор бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, мемлекеттік қолдау түрлері жайлы түсіндіруге дайын. Өз өңіріңіздегі филиалдың мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Сондай-ақ, сайтта Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар бар, шарттары толық жазылған. Оқып, өз бетінше танысуға да болады.

БӨЛІСУ