«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.
Осыған сәйкес, күзгі әскери шақыруды ұйымдастыру мақсатында 2023 жылдың 1 наурызынан бастап Жосалы кентіндегі 1996-2004 жылдары туылған 18-27 жас аралығындағы азаматтарға әскерге шақыру қағазы таратылуда. Бұл шақыру осы жылдың 01 шілдесіне дейін жалғасады.
Әскерге шақырылған азаматтар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өтеді.
Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді.
Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп санайтын моральдық және психологиялық тұрғыдан, физикалық жағынан мықты азаматтар кез-келген қиындыққа төзімді болады.
Сондықтан әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында әскерге шақыру комиссиясы әр шақырылушыны жеке-жеке қарап, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы жан-жақты зерттеп барып, шешім қабылдайды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жоба ұсынып, тиісті ережелерге өзгеріс енгізу жұмыстарын жасауда.
Яғни, бұрынғы әскери қызмет¬ші¬лер жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында тегін оқуға, бұдан бөлек, әскерге барып келген азаматтарға ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсуге, ЖОО әскери кафедрасында тегін оқуға және әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу мүмкіндіктері қарастырылуда.
Дегенмен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабына сәйкес, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті.
Сондықтан,Отан қорғаушы азаматтар!
Шақырылған мерзімді уақытында Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге барып, медициналық толық тексеруден және әскерге шақыру комиссиясынан өтулеріңізді сұраймыз.

БӨЛІСУ