Бүгін аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Жандос Еркінбек, құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Наятұлы кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялап, нәтижесі бойынша партия атынан сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етті.
Аудан әкімі жиын барысында аудандық маслихаттың жетінші шақырылымының депутаттарына ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен бірге, осы сайлауда жеңіске жетіп, халық сенімін арқалап, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тіледі.
Одан кейін сессияда депутаттардың бірауыздан дауыс беру нәтижесімен мәслихат төрағасы болып Қошалақов Әділ Үсенұлы сайланды.
Аудан басшысы Әділ Үсенұлын білікті басшы, ұтымды ұйымдастырушы ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтер сөз сөйлеп, халық қалауларының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

БӨЛІСУ