Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 19 ақпан Самара-Шымкент автомобиль жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада.

Толық деректер анықталып жатыр.

Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

БӨЛІСУ