«Ұлы Дала жорығы-2024» эпикалық марафон-бәйгенің жеңімпаздары бүгін белгілі болады.

Бүгін, 23 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндікмарафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады. Салтанатты шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументіндеөтеді.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геологғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Биыл жол қашықтығы 500 шақырымдықұрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.

Жеңімпаздардың марапаты: Бас жүлде – 15 000 000 теңге, 2 орын – 10 000 000 теңге, 3 орын – 5 000 000 теңге.

Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады.Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).  

Жобаның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы,Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb– JORYQ, Instagram – joryqofficial, TikTok – JORYQ, youtube – JORYQ.

Осы шараға аккредитация сұрақтары бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

БӨЛІСУ