”Әлемді ғылым құтқарады” атты ғылым айы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Студенттік ғылым-2024» ХХVІ дәстүрлі студенттік ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияда алғы сөз алған университетің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру жобалары аясындағы ғылыми жобаның орындаушыларына алғыс білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне “Білім Ыбырай” қоғамдық қорының директоры Нұрбек Серікбаев, аталған қор өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Студенттер бүгінгі күні өзекті тақырыптарда баяндамалар жасады. Конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін Х-22-1 оқу тобының студенті Арслан Сағындық, ТПП-21-1 оқу тобының студенті Жанар Ағаділ, Фин-21-1 п/я оқу тобының студенті Давид Цой, ХТО 21-1 оқу тобының студенті Айым Бауыржанқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш байқаудың университетішілік I – кезеңінде жүлделі орын алған жастарға диплом және “Білім Ыбырай” қорының қаржылай сыйлығы табыс етілді.
Мұнан бөлек, студенттік үйірмелердің ғылыми шығармашылық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

БӨЛІСУ