Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «BASTAU» бизнес орталығында «Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігін дамыту және Қызылорда облысында туберкулез ауыртпалығын төмендетуге азаматтық қоғамды тартуды күшейту жөніндегі адвокациялық кеңес өткізілді.

Кеңес облыс әкімінің орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының қатысуымен өтті.
Адвокациялық кеңесте Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы туберкулездің жалпы эпидемиологиялық көрсеткіштеріне шолу жасалынды, сондай-ақ денсаулық сақтау проблемасы ретінде Туберкулезді жоюдағы Туберкулез /АИТВ бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, Стоп Туберкулез Ұлттық әріптестігін дамуына жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылданып, туберкулез індетін өңірімізде төмендету мақсатындағы пiкiрлер қолдау тапты.
Шара соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы аталған іс-шараның кездесуі аясында туберкулез саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылданып, туберкулез індетін өңірімізде төмендету мақсатында жұмыс жасалатынын айтып өтті.
Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау проблемасы ретінде туберкулездi жоюдағы адвокаттық кездесудің өткізілуіне септігін тигізіп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен Жаһандық қор.

Қызылорда облысында өткен жылы туберкулезбен аурушаңдық алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді.

Туберкулез ауруының  негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауырып қалу қаупі жоғары.

Туберкулез белгілері бірден байқалмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер байқалады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.

Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шықпай тұрып, туберкулезге қарсы екпе егіледі, екпе құрамында әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін  иммунитет қалыптасады. Перзентханада егілген туберкулезге қарсы екпе адамды ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. 7 жаста вакцина қайта салынады. Қайта егу алдында туберкулезге қарсы сынама жасалады.

Ал ересектер профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп тұруы тиіс. Флюрографиядан өз уақытында өтудің арқасында туберкулезден ересектер өздерін қауіпсіздендіріп,  балаларға жұқтыру қаупін сейілтеді.

БӨЛІСУ