Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі және Қызылорда облысы “Жас Сарбаз” орталығы, Қызылорда облысы қорғаныс департаментінің ұйымдастыруымен Б.Ермекбеав атындағы №271 мектеп базасында мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен Республикалық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.

Шараның мақсаты: Жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру басты мақсат.

Қызылорда облысы қорғаныс істері департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша бастығының орынбасары подполковник Жакипов Алмат Алмасұлы: «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.
Жүдегерлер мен жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен,«Жас Сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасының арнайы кубоктарымен және медальдарымен марапатталды.

БӨЛІСУ