БҚО-нан келген қонақ бүлдіршіндеріміз аудан орталығына ат басын бұрып, тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасады. Теңізді өлкенің тыныс-тіршлігімен танысып, өлкенің өткеніне көз жүгіртті. Нақтырақ айтсақ аудан орталығындағы «Ә.Нұрпейісов» атындағы әдебиет үйіне, «Балықшылар аллеясына» және аудандық тарихи өлкетану мұражайына барып таным-көкжиектерін кеңейтті. Таңданыстарын да жасырмады.

Артынша аудандағы белді әрі жанашыр кәсіпкерлердің қолдауымен түскі асқа аялдап, тәтті сусындардан дәм татты. Содан соң аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен өткізілген концерттік бағдарламаны тамашалады. Жаңа достар тапқан оралдық оқушылар барлығы үшін алғаусыз алғыстарын білдіріп, керемет әрі көтеріңкі көңіл-күйде«Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жолға шықты.

Айта кетейік, оралдық балалар аталған орталықта білім мен тәрбие алып ғана қоймай дәл осындай түрлі мәдени-сауықтыру шараларға қатысады. Жоспар бойынша алдағы күндері бұданда қызық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

БӨЛІСУ