Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №39 «Қызылөзек» орта мектебінде жергілікті ақын, мектебімізде ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, ел құрметіне бөленген ақынжанды ұстаз Бозымбай Қоқыбасұлының шығармашылығына арналған «Өмірін өлеңімен өрнектеген» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы Қызылорда қалалық Білім бөліміне қарасты мектептердің 8-9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайысқа 13 мектептен дарынды шәкірттер қатысып, бақ сынасты.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:
– Жергілікті ақын-жазушылардың құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін сайыс арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына ықпал ету;
– өз елін,тарихын,туған тілін құрметтейтін, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін тұлға болуына ықпал жасау;
– шығармашыл,өнерлі, талантты жастарды анықтау,қолдау.
Жарысқа қатысушы оқушылар арнайы білім бөлімінің дипломымен, алғыс хаттарымен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды.
Сайыс ережелеріне сай әділқазы алқасының шешімі бойынша:
«А.Хангелдин» атындағы №179 орта мектеп оқушысы Хакім Айзере – І орын иеленді.
№178 орта мектебінің оқушысы – Баяндаева Ақерке ІІ орын;
№145 «Бірқазан» орта мектебінің оқушысы – Балғабай Нұржігіт ІІ орын;
№268 орта мектеп -лицейінің оқушысы – Абзалқызы Гузель ІІІ орын;
№128 орта мектебінің оқушысы – Қуантай Ақсезім ІІІ орын;
№280 орта мектебінің оқушысы – Абдулла Қарақат ІІІ орын иеленді.

Сайыс соңында қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әлібекұлы, қалалық Білім бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Мұстафаұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының маманы Маржан Бертайқызы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның мән-маңызына тоқтала өтті. Мектебіміздің директоры Жасұлан Махмутұлы бүгінгі шараға қатысушылар мен жетекші ұстаздарға, сонымен қатар барша келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

БӨЛІСУ