Бүгін тас жолдан жастар және “masters” ардагерлер арасында велосипед спортынан Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ. Нұртай, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Ж.Сейілов, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушысы Н.Адасев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ж.Сүлейменов және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа қатысты.

Қ. Нұртай өз сөзінде бүгінгі чемпионатты ұйымдастырушыларға және қатысушыларға облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың атынан құттықтауын жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, қаламыздан велосипед спорты түрлері бойынша кәсіби спорт клубының бөлімшесінің ашылғанын атап өтті.

Байрақты додаға көршілес Ресейден, Қырғызстаннан және еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшылар қатысуда.

Ашылу салтанатынан соң чемпионаттың бірінші кезеңі – жасөспірімдер арасында 50 км, ардагерлер арасында 40 км, әуесқойлар арасында 20 км топтық-айналмалы жарыс басталды.Чемпионаттың ертеңгі этапы Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында өтеді.

БӨЛІСУ