Жеңілдетілген несиенің кәсіпкерліктегі рөлі.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Палата жанынан құрылған салалық Кеңестер аясындағы “Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жеңілдетілген несие бағдарламалары” тақырыбында бірлескен отырыс өтті.

Жиынға палата директоры мен ұжымы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деңгейлі банк өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

«Даму» қорының «Бағдарламаларды жылжыту» бойынша бас менеджері Салтанат Абуллаева өз сөзінде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тұжырымдамасы жайында айтып, жиынға қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге, банк өкілдері шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелерін талқылады.

Өнеркәсіп салалық кеңесінің төрағасы Жаңабай Бекішев «Даму» қорына «Өнеркәсіп пен өндіріс орындары дамымаса елде де даму болмасы анық, осы орайда несиенің пайыздық мөлшерлемесін ірі өндіріс орындары үшін төмендетіп беру жолдарын қарастыру керек» деген ұсынысын білдірді.

Жиын барысында кәсіпкерлер несиеге қатысты өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныстарын білдірді. Барлық ұсыныс жоғары тұрған органдарға жолданып, шешімін табу жолында жұмыстар атқарылмақ.

БӨЛІСУ