18 қазанда Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні күшейеді. Сонымен қатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенген Kazinform хабарлады.
Болжамға сәйкес, облыстың шығысы мен орталығында, оның ішінде Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі ықтимал.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл қауіп Қызылорда қаласында да бар. Ал облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Осыған байланысты тұрғындарға шаңды дауыл кезінде сақтық шараларын ұстанып, қатты желде сыртта ұзақ жүрмеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ескертіледі.