Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды (кейбір нормаларды қоспағанда, ол жарияланғаннан кейін 60 күннен соң күшіне енеді).
Заңда ӘҚБтК-нің 43 бап бойынша (45 құқық бұзушылық) қолданыстағы əкімшілік құқық бұзушылықтарды (айыппұлдарды) қатаңдату жəне күшейту, ӘҚБтК-нің 12 бап бойынша (20 құқық бұзушылық) айыппұлдарды жеңілдету, сондай-ақ 5 бап бойынша жауаптылыққа тартылатын субъектілерді кеңейту жəне 11 бап бойынша жауаптылықты алып тастау көзделген.
Заңның негізгі жаңалықтары жазаның жаңа түрін «қоғамдық жұмысқа тартуды» енгізу (а.ж. 1 қыркүйекте күшіне енеді), сондай-ақ жаңа институт, яғни Жоғарғы Соттан бөлек – кассациялық соттың құрылуы, қысқартылған іс жүргізу тәртібі бойынша қаралған істерді прокурордың наразлығымен қайта қарау және шығарып жіберу туралы сот актілерін апелляциялық тəртіпте қайта қарау мүмкіндігі болып табылады (қазір тек кассацияда қайта қаралады).
Мысалы, ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігіне ортақ пайдаланатын орындарды ластау үшін 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартау жазасы жаңадан қосылған.
Бұдан бөлек «прокурорлық сүзгі» бойынша прокурордың өкілеттіктері заңды түрде бекітілді.
Нақтылағанда, инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға прокурордың келісімінен кейін ғана рұқсат етілетінін қарастырады.
Прокурордың келісімінің болмауы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға негіз болып табылады.
Аталған түзетудің мақсаты мемлекеттік органдардың заңды кəсіпкерлік қызметке араласпауын қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту болып табылады.
Қызылорда қаласының прокуратурасы
