Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды.

Алматы соты әншіні “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша кінәлі деп тапқан. 

Сол мәліметінше, Алмас Кішкенбаев бұл әрекетті мас күйінде жасағанын айтқан. Сондай-ақ әншінің өзі ештеңе есінде жоқ екенін жеткізген. 

Айта кетейік, әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

БӨЛІСУ