Профилактика жылы: Қызылордада «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 858 қару иелері тексерілді.
Облыс көлемінде қарумен жасалатын қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында 2025 жылғы қаңтар айының 28-31 аралығында «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде барлығы 858 қару иелері тексеріліп, 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, Қызылорда облысы ПД Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы аймақ аралау кезінде 40 жастағы ауыл тұрғынының ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын,беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Іс-шара барысында қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегімен- 2, қаруды сақтау ережесін бұзу дерегімен- 35 және қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзған-7 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді.