Бүгінгі таңда Қазақстанда терроризмге қарсы іс-қимыл басты бағытта және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір бағыты болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар терроризмнің алдын алуға бағытталан профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Осы ретте бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде құзырлы органдардың және барлық кезекші қызметтердің жеке құрамының қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Кездесу барысында ҰҚД мен ПД өкілдері ықтимал қаупі немесе терроризмге қарсы операция актісі жағдайында жалпы түсіндірме берді.
Семинар барысында телефон арқылы террористік сипаттағы қауіп-қатерлер бар хабарламаларды алу және күдікті заттар табылған кездегі әрекеттердің алгоритмі түсіндірілді. Ықтимал қауіп кезінде халық көп шоғырланатын орындарда азаматтардың тәртібі туралы айтылды.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ-нен жаңадан шыққан кезекші қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері мен бұйрықтары таныстырылды.
” Полиция, төтенше жағдай, әскери бөлім басқа да құқық қорғау қызметтері жұмысты кезекші бөлімнен бастайды. Жедел басқару орталығы мен кезекші бөлім қызметкерінің жедел әрекеті мен оның жете білушілік қабілетінен қылмыстың «ізін суытпай» ашылуы, сондай-ақ адамның денсаулығы мен өмірінің аман сақталуы мүмкін.
Сондықтан кезекші бөлімнің қызметі өте маңызды және ерекше назарды талап етеді. Кезекші бөлімге әр түрлі адамдар жүгінеді, кейбір жағдайда кезекші психолог, талдаушы және басқарушы болуы да ықтимал, сондай-ақ ол жан-жақты болуы тиіс. Кезекші бөліністерінде осындай тұлғалық қасиеттері бар қызметкерлер қызмет етеді.
Барлық түскен арыздар мен шағымдар кезекші бөлімде тіркеледі, қажет болған жағдайда оқиға орнына полицияның кешенді күштері мен кезекші жедел-тергеу тобы жолданады. Бірақ, қандай ақпарат түспесін, оған кезекші уақтылы ден қояды” дейді кезекші бөлініс бастығы полиция полковнигі Т.Әнуар.
Семинар соңында Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е.Ә. Абдраманов семинар өткізген қызметкерлерге алғысын білдірді. Тұрғындардың күдікті тұлғалар мен иесіз заттар бар болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлауы үшін қырағылығын арттыру мақсатында жеке құрамға тұрақты негізде алдын алу жұмыстарын өткізіп тұруға және ҚР ІІМ нормативтік құқықтық актілері мен бұйрықтарын әр қызметкерге жеке дара жеткізу туралы тапсырма берді.

БӨЛІСУ